Біздегі білім саласының толығымен күйреуі! |Полный коллапс нашего образования!

PISA-ның 2018 жылға арналған жыл сайынғы зерттеуі шықты. Қазақстанның жағдайы мүшкіл. 

Достар, енді бұл мүлдем жарамайды! Ешқандай жол жоқ! Біз қандай да бір халықаралық жарыстарда жүлде алғанымызға мәз боп, мақтанып жүрміз. Ал, жалпылай, бүкіл ел бойынша алғанда, білім саласы қатты құлдырап кеткен! Бұл PISA-сыз-ақ көрініп тұратын, бірақ біз балаларымыз батып жатқан батпақты ресми түрде бекіттік. Біз әрбір бұрыштан: «SOS, SOS, SOS» — деп айғайлауымыз керек. 

Мұның бәрі білім министрлерінің бейберекет ауыса беруі мен реформалау стратегияларының салдары. Дегенмен емі жоқ емес. Бұл мәселені шешу үшін қоғамның ынта-ықыласы мен белсенді болғаны керек. Өзара талқыға салу, мемлекеттік қызметке меритократия қағидаларын енгізу, ең бастысы, саяси реформа қажет! 

Қосымша мәлімет: 

Оқушылар қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (англ. Programme for International Student Assessment, PISA) – әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың  сауаттылығы мен білім деңгейлерін іс жүзінде қолдана алу қабілетін бағалайтын тест. Әр үш жыл сайын өткізіледі. Тестке 15 жастағы жасөспірімдер қатысады.

Вышел ежегодный обзор PISA за 2018 год. Казахстан в глубоком ауте!

Ребята, ну это совсем уже никуда не годится! Ни в какие ворота! 

Мы хвастаемся единичными победами на каких-то международных олимпиадах, а в массе, по всей стране, у нас полный провал в системе образования! Это было видно и без PISA, но теперь мы имеем уже и официальное признание той задницы в которой находятся наши дети. Нам на каждом углу надо кричать:

SOS, SOS, SOS!

Это результат чехарды министров образования и стратегий реформирования. Впрочем, рецепт лечения известен. Чтобы решить эту проблему, нужна большая вовлечённость и активность общества, совместные обсуждения, внедрение принципов меритократии в гос.службе, а самое главное- политические реформы!

Для справки:

Международная программа по оценке образовательных достижений учащихся (англ). Programme for International Student Assessment, PISA) — тест, оценивающий грамотность школьников в разных странах мира и умение применять знания на практике. Проходит раз в три года. В тесте участвуют подростки в возрасте 15 лет.