Демократияға көшкен қандай елдер біз үшін үлгі бола алады? Какие страны перешедшие к демократии могут быть примерами для нас?

Пост на русском внизу. 👇🏻

Достар, 
елдегі жағдай қарқынды дамуда. Күн сайын жаңа оқиғалар орын алып, жағдай күрделене түсуде.

Маған көптеген сұрақтар келіп жатыр. Олардың ішінен жиі қойылатын сұрақтардың бiрiне жауап бергiм келiп тұр.
— Демократияға көшкен қандай елдер біз үшін үлгі бола алады?

Салыстырма түрінде біз посткеңестік елдерді ғана ала аламыз, өйткені біздің менталитет осы елдермен ұқсас. Ең алдымен, менталитеттегі айырмашылық бізге Қазақстанды басқа, мысалы араб немесе Оңтүстік Америка елдерімен салыстыруға мүмкіндік бермейтіні рас, алайда авторитаризмнен демократияға көшу үдерiсі мен әдістері тарих бойы өзгерген жоқ.

Грузия,Армения, Украина және Қырғызстан — осындай транзиттік кезеңнен өткен 4 ел.

Менің ойымша, билік көшуінің ең жақсы үлгісі ол Армения. Бірақ олардың біздің елден айырмашылығы, сыртқы факторлардың болмағандығы, АҚШ, Ресей, Қытай және т.б. сияқты саяси ойыншылардың елдің ішкі жағдайына араласпауы. Сондықтан үдерiске, қатты болмасада, тек қана Армения ішіндегі кландар әсер етті. Сонымен қатар, ол жерде бұған дейін бірнеше президенттер ауысқанын ұмытпағанымыз жөн. Республика 2015 жылдың соңынан бастап парламенттік деп жарияланды, уақыттың тығыздығына байланысты соңғы президент ол жақта қатты нығая алмады. Осылайша, Армениядағы биліктің ауысуы үлгілі болса да, бұл сценарий Қазақстан жағдайына келіңкіремейді.
Қырғызстан мен Грузия елдеріндегі жағдай да біздікіне келері екі талай. Себебтердің негізгілеріне келсек, біз ауысқан президенттердің күшті болмағандығын, мемлекеттердiң кедейлігін және де елге деген сыртқы күштердің геосаяси қызығушылығының болмағандығын жатқыза аламыз.

Ал Украинадағы жағдай бізге жақын. Неге десеңіз, Украина — үлкен экономикалық әлеуеті бар, кландары мен олигархтары көп, ал ең бастысы Ресей, Еуропа және АҚШ үшін геосаяси қызығушылығы бар үлкен ел. Көріп отырғаныңыздай, Украинада барлығы тамаша емес. Менің ойымша, онда үдерiс әлі де толық аяқталған жоқ. Өйткені президенттік сайлауды жеңіп, билікті алу — ол тек қана бiрiншi сат. Елді сауатты және дұрыс басқару ол күнделiктi басқа қасиеттердi талап ететiн ауыр жұмыс. Қазір бұл елде, жеңістен кейiнгi эйфория кете салысымен, күн сайын көпшілікке мәлім емес, жалықтырар реформалармен айналысу қажет. Бұл уақыт олардың ең ауыр кезеңі болмақ. Халық дұрыс реформалардың жемісін көре бастағанда Украина толығымен сауығып кетті деп айта аламыз.

Қазақстан бейбіт уақытта ең жақсы, ал тұрақсыз уақытта ең нашар геосаяси орыннын иесі болып табылады. Бейбіт уақытта, біз өзіміздің орналасуымыздан керемет пайда ала аламыз. Ал тұрақсыз уақытта, сыртқы күштер біздің артықшылығымыздан айыруға тырысады. Не елді, не жерiмiздiң бір бөлігін басып алуға, не ел басқаруға өзінің бақылауындағы адамдарды қоюға тырысатын болады. Ал енді, негізгі ойыншыларды қарастырайық.

Ресей. 
Қазақстан өзінің үлкен аумағымен бүкіл Орта Азияны Ресейден бөліп отыр. Оны не айналып, не ұшып өту мүмкін емес. Егер Қазақстан Ресейден бөлініп кетсе, онда бүкіл Орта Азия Ресей үшін қол жетімсіз болады. Екінші жағынан, Қазақстан, Ресей мен ислам елдері арасындағы буфер болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның Ресейге деген әскери және ғарыш саласындағы стратегиялық маңызыдығы бар. Мен тіпті мұнай-газ ынтымақтастығы туралы айтпай-ақ қойсам болады. Түсінгендеріңізше, Ресей үшін Қазақстаннан одақтас ретінде айырылу, Татарстанның бөлінiп Ресейдiң бытырағанымен бірдей болады. Ресей өз азаматтарын ешқашан да бағалаған емес. Орыс халықының қысымшылық факторын олар тек қана Қазақстанға қарсы өзінің достық емес әрекеттерін ақтауға себеп қылуы мүмкін.

Қытай. 
Қытай үшін Қазақстан өте маңызды, себебі олардың солтүстік-батысын дамытудағы жаңа бағдарламасы (қысқаша СУАР) — Еуропаға темір және автомобиль жолдарын қамтитын Жаңа Жібек жолы, негізінен Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Қытай үшін СУАР бағдарламасы — миллиардтаған долларлық жоба. Маңызын айтпай-ақ қойсақ та белгілі. Көлік-логистикалық мүдделерден басқа, Қытай Қазақстанға энергия ресурстарын жеткізуші ретінде үлкен қызығушылық танытады.
Өздеріңіз білетіндей, мұнай-газ компанияларының үштен бірі қытайлықтарға тиесілі. Қытай Қазақстанмен Шығыс шекарада 80 млн.-ға жуық халқы бар СУАР бағдарламасын дамытты. Олар теңіз жолдары мен энергия ресурстарынан алыс, сондықтан Қазақстан олар үшін аса маңызды. Қытайдың Қазақстанға деген жоспарлары өте көп, бірақ мен ең маңыздыларын атап өттім.

АҚШ. 
Ресей мен Қытайдың қызығушылықтарын көре отырып, АҚШ-та артта қала қоймас. Саяси қызығушылықты ысыра тұрғанның өзінде мұнай-газ секторы инвестициялар түрінде АҚШ-тың жауын алады. Негізгісі, ол Шеврон компаниясының інжу-маржаны болып табылатын Теңіз мұнай кен орны, онымен қоса Қашаған бар. Көріп отырғаныңыздай, Қазақстан АҚШ үшін осы өңірдегі маңызды ел. Егер Қазақстан Ресейден алшақтаса, онда бұл АҚШ-тың жеңісі болады.

Жоғарыда аталған геосаяси ойыншылардың қызуғушыларынан басқа мұнда Еуропа, Түркі әлемі, Орта Азия, ислам әлемінің және т.б елдерінің мүдделері бар.

Қорытынды жасасақ, біз геосаяси мүдделердің шоғырлануының алаңындамыз. Сондықтан Қазақстанды Украинамен де, Грузиямен де, Армениямен де, Қырғызстанмен де салыстыруға болмайды. Мұнда барлығы басқаша болады, өйткені мұнда барлық геосаяси ойыншылардың қызуғушылақтарын ескеру керек. Ішкі мәселелер туралы да ұмытпау керек. 
Егер қазақстандық қоғамға қарайтын болсақ, ол өте сегменттелген, ыдыратылған. Қазақ, орыс тілді, мұсылман жастарының, қалалық жастарының, қанағаттанбаған ауыл жастарының топтары бар. Көптеген клан топтары бар. Рулар, жүздер, басқа ұлт топтары бар. Яғни ел ішінде біз де біртұтас емеспіз. Қазақстан моно ұлт тұратын ел емес екенін тағы да ескерген жөн.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, біздің бірлігіміз, аумақтық тұтастығымыз және тәуелсіздігіміз, еліміздің кез келген адамы үшін, оның кім болғанына қарамастан, ең жоғары құндылығы болуы тиіс екенін ерекше атап өткім келеді.
Қандай әрекет жасамасаңыз да, кез келген жағдайда осы үш құндылықты есте ұстап жүрiңiз. Біз қан төгуге, азаматтық соғысқа не тәуелсіздігіміздің жоғалуына жол бермеуіміз керек.

Друзья,
Ситуация в стране развивается динамично. Каждый день происходят какие-то новые события. Ситуация все усложняется и усложняется. 
Мне приходит очень много вопросов. Выделю из них один из самых часто задаваемых вопросов.
⁃ Какие страны перешедшие к демократии могут быть примерами для нас?

Для сравнения с нами, больше всего нам подходят страны постсоветского пространства, потому что наш менталитет схож с этими странами. Различие в менталитете это то, что не позволяет нам сравнивать Казахстан с другими странами, например с арабскими или южноамериканскими, хотя процесс и методы перехода от авторитаризма к демократии за всю историю в принципе не менялись.
Грузия, Армения, Украина и Киргизия — вот 4 страны, которые прошли аналогичный транзитный период. 
Я считаю, что самым образцовым примером перехода власти является Армения. Но там в отличие от нашей страны, не было внешних факторов, не было политических игроков в виде США, РОССИИ, КИТАЯ и.т.д. Там это был сугубо внутриармянский процесс. Поэтому на процесс влияли только внутриармянские кланы, коих было не так много. К тому же, там до этого сменилось несколько президентов, республика была объявлена парламентской в конце 2015 года, последний президент там сидел относительно небольшое время и не успел сильно укрепиться. Так что хоть переход власти в Армении является образцовым, в условиях Казахстана этот сценарий имеет минимальные шансы.
Кыргызстан и Грузия, тоже не совсем подходят для нас, по тем же причинам что и в Армении. Основные из которых — то что сменяемые президенты не были столь сильны, страны были крайне бедны, в стране не было больших геополитических интересов у внешних сил.

Наиболее близко нам подходит ситуация в Украине. Большая страна с большим экономическим потенциалом, большим количеством кланов и олигархов, а самое главное, представляющая большой геополитический интерес для России, Европы и США. Как вы видите, в Украине все шло не совсем гладко. И я думаю, там процесс еще полностью не завершен. Потому что выиграть президентские выборы и получить власть это еще не значит грамотно и правильно управлять страной. Сейчас там пройдет эйфория от победы и надо будет рутинно, каждодневно, заниматься многими непопулярными реформами которые не решили его предшественники. Это и будет самым сложным этапом, пока люди не начнут видеть больше позитивных плодов от реформ чем негативных. Вот тогда можно будет сказать что Украина окончательно выздоровела.

Казахстан имеет самое лучшее геополитическое расположение в мирное время, и самое худшее в нестабильное. В мирное время, мы можем получать неимоверные выгоды от нашего расположения. А в нестабильное время, время безвластия, внешние силы будут всячески пытаться лишить нас этого преимущества либо захватив страну, либо часть территории, либо поставив во главе страны подконтрольных себе руководителей. Итак давайте рассмотрим основных игроков.

Россия. 
Казахстан со своей огромной территорией отделяет всю среднюю Азию от России. Его и не объедешь, и ни облетишь. Если Казахстан отколется от России, то вся средняя Азия станет для России недоступной. С другой стороны, Казахстан является буфером между Россией и странами исламского мира, прикрывая Россию от проникновения враждебных сил со стороны Пакистана, Афганистана и пр. стран. К тому же, Казахстан стратегически важен России в военной и космической сфере. Я не говорю уже о нефтегазовом сотрудничестве. Так что для России потерять Казахстан как союзника будет сродни отделению Татарстана. Россия никогда особо не дорожила своими гражданами, поэтому фактор притеснения русскоязычного населения может быть только как повод для оправдания своих недружелюбных действий в отношении Казахстана.

Китай. 
Для Китая Казахстан очень важен, потому что их новая программа развития северо-запада Китая (СУАР) — новый Шелковый путь в Европу включающая железную и автомобильную дороги, в основном проходят по территории Казахстана.
Для Китая это очень важно, с учетом того, что они вбухали миллиарды долларов для развития СУАР. Кроме транспортно-логистических интересов, Казахстан для Китая представляет громадный интерес как поставщик энергоресурсов. Как вы знаете, уже почти треть нефтегазовых компаний принадлежит китайцам. На восточной границе с Казахстаном Китай уже построил и развил СУАР с населением почти 80 млн. человек. Они далеки от морских путей и энергоресурсов, так что Казахстан для них крайне важен. Есть еще много интересов Китая в Казахстане, но я описываю только самые важные.

США. 
Именно осознавая нашу важность для России и Китая, мы представляем огромный интерес и для США. Помимо того, что тут играют важную роль политические интересы, здесь есть еще большие экономические интересы США, в виде инвестиций в нефтегазовый сектор. Основные это Тенгизское месторождение нефти которое дает наибольшую прибыль и является жемчужиной в короне компании Шеврон, плюс Кашаган. Как вы видите, Казахстан для США принципиально важная страна в этом регионе. И если Казахстан отвалится от России, то это будет победа США.

Помимо интересов вышеуказанных геополитических игроков здесь есть еще интересы Европы, Тюркского мира и средней Азии, интересы исламского мира и пр.

В итоге, у нас получается полная солянка геополитических интересов. Поэтому Казахстан нельзя сравнить ни с Украиной, ни с Грузией, ни с Арменией, ни с Киргизией. Здесь все будет по-другому, так как здесь придеться учитывать интересы всех геополитических игроков. И не стоит забывать еще и о внутренних вопросах. Если посмотреть на казахстанское общество, то оно сильно сегментировано, дезинтегрировано. Есть большие группы неудовлетворенной аульной, казахскоязычной, мусульманской молодежи, группы городской молодежи. Есть много клановых группировок. Есть группы других национальностей. Т.е. внутри страны мы тоже не едины. Нужно учитывать что Казахстан не страна где проживает моно нация.

Учитывая все вышесказанное, хочу особо отметить что наше единство, территориальная целостность и независимость должны быть высшими приоритетами для любого человека нашей страны независимо от того кем бы он ни являлся. И что бы мы ни делали, любое свое действие необходимо сверять с этими тремя приоритетами. Мы не должны допустить кровопролития, гражданской войны и потери нашей независимости.