Кездесудің нәтижелері. Результаты встречи.

Пост на русском внизу. 👇🏻

Бүгін мені президент әкімшілігіне кездесуге шақырды. Кездесуді президент әкімшілігі басшысының орынбасары — Дархан Қалетаев бастады. Кездесуге мен, Дархан Қалетаев және ҚР Президентінің кеңесшісі — Ерлан Қарин қатысты.

Бірнеше сұрақтарды талқыладық.
1. Менің кеше жазған ұсынысым жайлы. Жүзеге асырудың техникасы мен механизмін қалай көріп тұрсын деп сұрады. Мен оларға өз көзқарасымды айтып бердім. Азаматтық қоғамда лидерлер пайда болу үшін съездер мен жиналыстарды ашық өткізуге және барлық қауымдастықтардың «Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Кеңеске» өз өкілдерін таңдауға мүмкіндік беру қажеттігін айттым. Олардың тарапынан партиялардың, президенттікке бұрынғы кандидаттардың және Атамекен өкілдерінің автоматты түрде қатысуы туралы мәселе көтерілді. Мен сол кезде бұл кеңеске деген сенімнің жоғалатынын айттым. Мен әр саяси партиялардан бір өкілден шығып, ұсынуына келістім, бірақ Атамекен және президенттікке ұсынылған бұрынғы кандидаттар қайтадан 10 мың қолдан жинап шығуын талап еттім. Менің ойымша, бұл әділ болады. Кейбір кандидаттардың бұл санды жинай алатынына күмәнім бар.

2. Қолдарды санау және тексеру жайлы. Менің ұстанымым бойынша, тексеру комиссиясын 50/50 қатынасында билік пен азаматтық қоғам өкілдерінен құру керек. Азаматтық қоғамнан біз өткен сайлауда принципті жағынан өздерін жақсы көрсеткен белсенділерді сол жерге жібере аламыз. Тексеру комиссиясы азаматтық қоғамның өкілдерінің қолдары мен мандаттарын растағаннан кейін президент «Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның» жұмысы басталатынын жариялайды.

3. «Ұлттық комиссия» жұмысы бойынша. 
Мен Ұлттық комиссияның ең маңызды және қарастыратын негізгі мәселердің бірі ол «Сайлау туралы заңға» өзгерістер мен толықтыруларды еңгізуі және ҚР Парламентінің сайлауын ұйымдастыруы екенін айттым.

4. ҚР Парламенті бойынша. Мен парламенттің кем дегенде 50% — ы мажоритарлық принцип бойынша, ал қалған 50% — ы пропорционалды принцип бойынша қалыптастырылуы керек деген пікірімді білдірдім. Бірақ бұл жағдайда да сайлауға кем дегенде екі жаңа партияны жіберу мүмкіндігін енгізу керек.

Сондай-ақ, әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасау және митингілер кезінде ұсталғандарды босату мәселесі талқыланды. Маған: «заңда әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасау қарастырылмаған» деп жауап берді. Олардың айтуы бойынша, бұл — сайлау кезіндегі уақытша шара, билік бүгін-ертең барлық ұсталғандарды босатады деген сөз айтылды.

Тағы бірнеше шағын, техникалық мәселелер талқыланды. Жалпы, мен билік тарапынан жағдайды өзгертуге деген ниетті көрдім. Мен бүкіл процесстердің әділ және ашық өтуін талап еттім. Негізінде, билік тарапынан саяси реформалар қажет екенiн және олар пісіп-жетілді деген түсінік бар. Сұрақ тек жылдамдық пен техникада ғана.

Сегодня меня пригласили на встречу в администрацию президента. Встречу инициировал зам. руководителя администрации президента — Дархан Калетаев. На встрече присутствовали я, Дархан Калетаев зам.руководителя администрации президента и Ерлан Карин- советник президента РК.

Обсуждали несколько вопросов:

1. Мое предложение о котором я написал во вчерашнем посте. Меня спрашивали как я вижу технику и механизм осуществления. Я рассказал им о своем видении. Сказал, что необходимо дать гражданскому обществу возможность открыто проводить съезды и собрания для того чтобы появились лидеры и все сообщества смогли выбрать своих представителей в «Национальный совет общественного доверия». С их стороны встал вопрос об участии партий, бывших кандидатов в президенты и представителей Атамекена в автоматическом порядке. На что я сказал, что это тогда подорвет доверие к этому институту. Я согласился, что должно быть по одному представителю от политических партий, но Атамекен и бывшие кандидаты в президенты пусть заново собирают по 10 тыс. подписей. Так будет честно. Я сказал, что сомневаюсь что некоторые кандидаты наберут это число. 
2. По подсчёту и проверке подписей.
Моя позиция была такая, что нужно создать комиссию состоящую из представителей власти и гражданского общества в соотношении 50/50. От гражданского общества мы можем делегировать туда активистов наблюдателей, которые проявили себя с принципиальной стороны на прошедших выборах. После того как комиссия подтвердит подписи и мандаты представителей, президент объявить о начале работы «Национальный совет общественного доверия». 
3. По работе «Нац.комисии». Я сказал, что основной вопрос который они должны рассмотреть это изменения и дополнения в «Закон о выборах» и организация выборов в Парламент РК.
4. По Парламенту РК, я высказал свое мнение, что нужно чтобы как минимум 50% парламента формировалось по мажоритарному принципу, а 50% могут быть по пропорциональному. Но даже в этом случае нужно допустить минимум пару новых партий к участию в выборах.

Также обсудили вопрос амнистии по административным делам и освобождение всех задержанных во время митингов. На что был получен ответ, что в законе не предусмотрена амнистия по административным делам. Но они все равно сегодня-завтра выпустят всех задержанных, что это была временная мера в период выборов.

Обсуждали ещё несколько мелких вопросов, больше технических. В целом, я увидел желание идти навстречу. Я настаивал на прозрачности всего процесса. Со стороны власти есть понимание что политические реформы необходимы и они назрели. Вопрос только в скорости и технике.