Концепциясы «Школы Будущего»| «Болашақ Мектебі» концепциясы

Достар,  осы жылдың наурыз айында менің «Болашақ мектебі» жобасын қолға алғанымды білесіздер. Менің мақсатым балалалардың, қоғам мен тұтас мемлекеттің мүдделеріне сай келетін мектеп моделін бірлесе құру үшін осы іске бейжай қарамайтын барлық азаматтардың бастарын біріктіру еді. 

Идеямды қолдай кеткен адамдардың өте көп болғанына өте қуаныштымын. AlmaU-дің үлкен аудиториясында өткен бірінші басқосуымызға өте көп адам жиналғаны сонша, ине шаншыр жер болмады. Көптеген адамдар қатысты және көбісі өздерінің нұсқаларын ұсынғысы келді. Бірінші басқосуда біз жобаға жұмыла кірісіп, Болашақ мектебінің тұжырымдамасын – азаматтарымыз көргісі келген мектеп моделін құруға бел будық. 

Содан бері, 9 ай ішінде апта сайынғы жалпы басқосулар аясында және  400-ге жуық адамды біріктірген ашық онлайн-топтар арқылы біз бұл мәселені ашық әрі жан-жақты талқыладық (t.me/bolashaqmektebi)

Талқылауға барлық мүдделес азаматтар, атап айтқанда, педагогтер, оқушылар, мектеп директорлары, ғалымдар,отандық және шетелдік білім саласының сарапшылары, ата-аналар, студенттер, жекеменшік мектептер мен оқу орталықтарының басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты. 

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында әрбір адамның белгілі бір мәселе жөнінде өз ойын ашық білдіруге, сондай-ақ білім саласын реформалау бойынша өз идеяларын ұсынуға және қорғауға мүмкіндігі болды. Біз сондай-ақ «Білімді ұлт» білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Мұғалім мәртебесі» заң жобасын, 2007 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңын және білім беру саласындағы заңнамалық актілерді, 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы бала ның құқықтары туралы» Заңын, 1989 жылы қабылданған БҰҰ-ның Бала құқығы конвенциясын және балалардың дамуы мен білім саласына қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді талдадық.

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында алты комитет жұмыс істеді, әрқайсысы Тұжырымдаманың өздеріне тиесілі бөлігін әзірледі. Әрбір топта сарапшылар тобы жұмыс істеді: 

1.Болашақ мектебінің миссиясы, принциптері мен құндылықтары

2.Мектеп ұйым ретінде

3.Мектеп және қоршаған орта

4.Мектеп және мұғалім

5.Мектеп және оқушы

6.Мектеп және стейкхолдерлер (мүдделі тараптар). 

Жобамыздың 9 айдағы нәтижесі ретінде біз Болашақ мектебінің тұжырымдамасын жалпы жұртшылыққа ұсынғанымыз үшін қуаныштымыз. Мына сілтемеге өтіп, Болашақ мектебінің тұжырымдамасын оқи аласыздар: https://t.me/BolashaqMektebiConcept 

Біздің ойымызша, бұл мектеп балаларымызды болашақтың талаптарына сай етіп өсіруге, әр баланың бақытты әрі толыққанды тұлға болып жетілуіне, жергілікті және әлемдік қоғамдыққа, қоршаған ортасына пайда келтіріп, өз үлесін қосатын азамат болуына көмектеседі. 

Сондай-ақ, Тұжырымдама мектептегі білім беру саласы үшін МИНИМУМ маңызды ұсыныстар берілгенін және жаңа жылда тағы да жаңа пайдалы идеялармен толықтырылатынын айтқымыз келеді. Барлығыңызды жұмыс комитеттері аясындағы Тұжырымдаманың осы нұсқасына өз ұсыныстарыңыз бен ойларыңызды айтуға шақырамыз. Жаңа жылда біз Тұжырымдаманың жекелеген бөлімдері бойынша тақырыптық талқылар ұйымдастырамыз. Комитеттер мен олардың үйлестірушілерінің мекенжайлары жоба тобының сипаттамасында көрсетілген: https://t.me/joinchat/J1NWPU8SSlrwqKkPZ-95DA  

Мен де, әріптестерім де, азаматтық қоғам ретінде ұйымдасып, осы Тұжырымдаманы жаза алғанымыз үшін өте қуаныштымыз! Жоба аясындағы жұмыстар жаңа жылдан кейін де жалғасады. Енді біз Тұжырымдамада жазылған идеяларды жүзеге асырудың қамына кірісеміз және бұл идеяларды заңнамалық деңгейде дамытып, насихаттайтын боламыз. 

Барлықтарыныңызды «Болашақ мектебі» жобасына қосылуға шақырамыз: 

https://www.facebook.com/Bolashaq-Mektebi-2095315097433723/

_____

Друзья! Как вы помните, в марте этого года я инициировал проект Bolashaq Mektebi. Моей целью было объединить всех неравнодушных граждан нашей страны, чтобы совместно разработать модель школы в наилучших интересах детей, общества и страны. 

Я рад, что на мою идею сразу же откликнулось очень много людей. В первую встречу нашего проекта в большом аудиторном зале AlmaU яблоку некуда было упасть. Пришло огромное количество людей, и очень многие хотели предложить свою версию школьного образования. На первой встрече мы решили, что совместными усилиями будем создавать Концепцию Школы Будущего — такой школы, какую хотят видеть наши граждане. 

С тех пор, на протяжении 9 месяцев мы вели открытые и всесторонние дискуссии в рамках еженедельных общих встреч участников и через открытую онлайн-группу, объединивших почти 400 человек (t.me/bolashaqmektebi

В дискуссиях приняли участие все заинтересованные и неравнодушные граждане страны, а именно педагоги, школьники, директора школ, ученые, национальные и международные эксперты в сфере образования, родители, студенты, собственники частных школ и образовательных центров, общественные деятели. 

При разработке Концепции, каждый имел реальную возможность свободно высказать свое мнение по тому или иному вопросу, а также предложить и защитить свою идею по реформе образования. Также нами были проанализированы проекты Государственной программы развития образования и науки на 2020-2025 года «Білімді Ұлт», проект закона «О статусе педагога», закон «Об образовании» 2007 года  и подзаконные акты в сфере образования, Закон «О правах ребенка в РК» 2002 года, Конвенция ООН о правах ребенка 1989 года и другие НПА, имеющие отношение к образованию и развитию детей. 

Работа над Концепцией шла в шести комитетах, каждый из которых разработал свой раздел Концепции, над каждым из которых работала отдельная группа экспертов:

1. Миссия, принципы и ценности Школы Будущего

2. Школа как организация 

3. Школа и среда 

4. Школа и учитель

5. Школа и ученик

6. Школа и стейкхолдеры 

В итоге по результатам 9 месяцев работы нашего проекта, мы рады представить всем Концепцию Школы Будущего. С текстом Концепции вы можете ознакомиться по этой ссылке: https://t.me/BolashaqMektebiConcept 

Это Школа, которая, на наш взгляд, сможет подготовить наших детей эффективно справляться с вызовами будущего, а также поможет каждому ребенку стать самодостаточной и счастливой личностью и внести свой полезный вклад в развитие местного и глобального сообщества и окружающего мира. 

Мы также хотим отметить, что Концепция устанавливает МИНИМАЛЬНЫЕ важные рекомендации для школьного образования, и Концепция еще будет дополняться новыми полезными идеями в новом году. Приглашаем всех желающих вносить свои идеи по отдельным положениям текущего варианта Концепции в рамках рабочих Комитетов. В новом году мы будем организовывать ТЕМАТИЧЕСКИЕ обсуждения по отдельным разделам Концепции. Адреса Комитетов и их координаторы указаны в описании группы проекта: https://t.me/joinchat/J1NWPU8SSlrwqKkPZ-95DA 

Я и мои коллеги по проекту искренне рады, что мы как гражданское общество смогли объединиться и совместными усилиями написать эту Концепцию. Работа над проектом продолжится и в новом году. Теперь мы ставим перед собой задачи по претворению в жизнь идей Концепции и будем продвигать эти идеи на законодательном уровне. 

Приглашаем всех желающих присоединиться к проекту Bolashaq Mektebi на https://www.facebook.com/Bolashaq-Mektebi-2095315097433723/