Школы Тамос. Туалеты. Борьба с рабством.

Пост на русском внизу.👇🏻

Жаз келдi, баллар демалыс каникулдарына шықты, ал бiзде қызу жұмыс басталуда. Кеше арнайы мектеп әжетханалары жөнiндеТамос мектебi Директорлар кеңесiнiң отырысын өткiздiк. 
Бiзде екi мектепте 43 әжетхана бар. Солардың барлығын қайта құру жоспарын қабылдадық. Әжетханалардың стандартынан бастап осы саладағы ең жақсы үлгiлердi зерттеудi жөн көрдiк. 
Сол үшiн бүгiн бiз Esentai fit&Spa деген фитнес клубына барып олардың тәжiрибесiн көрдiк. Әрине бiздiң ғимараттарымыздың ерекшелiгiнiң салдарынан олардiкiндей әдемi, кең әжетханаларды жасай алмаймыз. Бiрақ функционалдық жағынан, әдемiлiк жағынан сол стандартқа мүмкiндiгiмiзше жақындатамыз. 
Баллардың тәрбиесi оларға деген қараудан басталады. Егер бiз оларды қадiрлеп оларға адам ретiнде қарасақ, ертең олар өз-өздерiн бағалайтын, өз-өздерiн қадырлейтiн саналы әрi жауапты адам болып өседi. Құлдықты жою үшiн әжетханаларды дұрыстау керек.

Дети вышли на летние каникулы. У них впереди много веселья и отдыха, но не для нас. Вчера мы провели специальное заседание Совета директоров школы Тамос посвященное туалетам.
У нас в двух школах 43 туалета. Мы решили сделать полную реконструкцию всех туалетов. Поэтому решили начать с утверждения стандартов и изучения лучших образцов и практик в этой сфере.
Для этого, сегодня мы пошли и изучили опыт и дизайн туалетов фитнес-клуба Esentai Fit&Spa. Конечно наши здания и помещения не позволяют полностью сделать туалеты как у них. Но мы постараемся максимально использовать их опыт и дизайн чтобы наши туалеты были функциональными и красивыми.
Воспитание детей начинается с нашего к ним отношения. Если мы отнесемся к ним с уважением, то они вырастут людьми с высокой самооценкой и самоуважением, людьми с высокой ответственностью. Борьба с рабской психологией начинается с туалетов.