Экономикада мемлекет үлесі неғұрлым көп болса, бюрократизм мен жемқорлық та соғұрлым көп болады|Чем больше государства в экономике, тем больше бюрократизма и коррупции

Әлеуметтік желілерде БЖЗҚ-ға ұсынған зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы пікірталастар жиі болады. Ақшамызды басқаруға қатысты саяси шешімдер мен жемқорлықтың жайын бір шетке ысырып қояйық та, бұған таза экономика ғылымының тұрғысынан қарап көрейік. 

Бүгінгі экономика ғылымына сәйкес БЖЗҚ портфелін мен бұған дейін жазған Норвегия тәуелсіз қорымен қатар қарастырып, шағын салыстырмалы талдау жасап көрейік. Ол өзінің «Инвестициялық декларациясында» жазылған ақшаның құнын сақтау және оларды инфляциядан қорғау функциясын орындай ма? Осы құжатқа сәйкес, БЖЗҚ стратегиясы – «ұзақмерзімді перспективада нақты пайда табу». 

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/ead/eadc5fa84e98ae9f48d87e1aa521e699.pdf

 Қор өзінің міндетін атқарып жатыр ма? 

Екі қордың портфельдерінің құрылымдарын салыстырудан бастайық. 

(БЖЗҚ портфелінің құрылымы) 

Дереккөз: https://www.enpf.kz/ru/indicators/invest/structure.php  

Мұнда портфельдегі бағалы қағаздар тізімі берілген: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/38e/38ebe0caa880688b624195743aa0f1c6.pdf 

Көріп отырғанымыздай, БЖЗҚ портфелінің шамамен 3%-ы  үлестік бағалы қағаздар —  акциялар. 

БЖЗҚ портфелінің 95% -дан астамы — борыштық бағалы қағаздар — қазақстандық және шетелдік эмитенттердің облигациялары және екінші деңгейлі банктердің депозиттері.  Шамамен 1% сыртқы басқаруға жіберілген.

(Норвегия  тәуелсіз қоры портфелінің құрылымы)

Дереккөз: https://www.nbim.no/kz/the-fund/market-value/ 

Мұнда портфельдегі бағалы қағаздар тізімін жүктеп алуға болады: 

https://www.nbim.no/en/the-fund/holdings/holdings-as-at-31.12.2018/?fullsize=true

Норвегия тәуелсіз қоры портфелінің шамамен 70%-ы үлестік бағалы қағаздар — бүкіл әлем бойынша 9000 компанияның акциялары. Қор FTSE Global All Cap индексін қадағалайды (бенчмарк).

 25%-дан астамы шетелдік эминенттердің  борыштық бағалы қағаздары. 5%-ы жылжымайтын мүлік саласында. Жыл сайын портфель активтерінің үлесі бастапқы баланста шығарылады — акциялардың 70%, облигациялардың 25%, жылжымайтын мүліктің 5%.

Енді активтердің әртүрлі кластарының соңғы 100 жылдан астам уақыттағы кірістеріне назар аударайық. 

  (1900 — 2018 жылдардағы активтердің әртүрлі кластарының кірістілігі, номиналды / нақты АҚШ)

Дереккөз: https://www.credit-suisse.com/media/assets/corporate/docs/about-us/research/publications/csri-summary-edition-credit-suisse-global-investment-returns-yearbook-2019.pdf 

Акциялар + 9,4%

Ұзақ мерзімді облигациялар + 4,9%

Қазынашылық вексельдер + 3.7%

Инфляция — 2,9%

Көріп отырғанымыздай, ұзақ мерзімді перспективада акциялар активтердің барлық кластарынан әлдеқайда жоғары.

  Егер акция кірісін кезеңдер бойынша қарастырсақ: 

онда 1926 — 2017 жылдардың S&P 500 индексі 

30 жазғы кезең ішінде ешқашан жағымсыз зонаға өтпеген, ал нарық кірісі 8,5% -дан 13,7% -ға дейін ауытқыған. 

Сонымен қатар, мемлекеттік облигациялар кірісі max + 8,6%, min – 3.1%,  ал қазынашылық векселі max + 2,9%, min – 3,0%. Дереккөз: https://www.morningstar.com/

Егер портфель 60%-ы акциялардан, 40%-ы мемлекет облигацияларынан тұрса, 

 БЖЗҚ түсірер табысы қалай болар еді? 

Дереккөз: https://vanguard.com/ 

2008 жыл дағдарысынан кейін Америка нарығындағы 60% акциялар мен 40% облигациялардың портфельдік қайтарымы 2016 жылы + 117% болар еді. 

Жылдық табысы — 16,71%. 

7 жыл ішінде біз барлық зейнетақы активтерімізді екі есе көбейтуіміз мүмкін еді. 

Портфель табысы 100% облигациядан сол кезең үшін + 38%.

Ақша түсімі

Сол кезеңге + 1%. 

Түйін:

БЖЗҚ портфелі қазіргі экономика ғылымына түбегейлі қайшы келеді.

Портфель негізінен борыштық бағалы қағаздардан тұрады. Кез келген экономика факультетінің студенті ұзақ мерзімді инвестициялау кезінде борыштық бағалы қағаздардың несиелік тәуекелі өсіп келе жатқанын (Әзербайжан банкінің облигациялары жағымсыз мысал бола алады), ал үлестік бағалы қағаздардың нарықтық тәуекелі реттелгенін түсінеді. 

Портфельдің 95%-дан астамын борыштық бағалы қағаздардан құрған Ұлттық банктің басшылары мұны неге түсінбейді? Не «мамандар», не жоғыра жақтағы команда. Қалай болғанмен, жоғары жақтағы команда немесе басшылардың өздеріне жауапкершілік жүктеуді қаламауы.

Ақыр аяғында, қорлар қысқа мерзімді перспективада тұрақсыз және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты болып келеді, ал өкінішке қарай, мұны бізге ашып түсіндірмейді.

Ұлттық банк басшылары, портфельде небәрі 3% бола тұра, салымшылардың инвестициялық табысын қамтамасыз етуді қалай жоспарлайды? Портфольдің мұндай құрылымы іс жүзінде мүмкін емес нәрсе. 

ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде  инвестициялық қорлардың табыстылығына ерекше әсер ететін факторларды анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізілген. Сөйтсе, қордың кірісіне ең қатты әсер ететін фактор басқаруға кететін шығындар болып шығады. 

Норвегия банкінде (Норвегия тәуелсіз қорының 1 триллион АҚШ долларын қадағалаушы) әлемнің 38 елінен бар болғаны 600 адам жұмыс істейді. 

БЖЗҚ-да қанша адам жұмыс істейді, қанша және не үшін жалақы алады, біз нақты мәліметтер таппадық.

Өкінішке қарай, біздің Ұлттық қор туралы да толыққанды ақпарат таба алмадым. ҚР Ұлттық қорының мәліметтері берілсе, Ұлттық қор портфеліне де талдау жасауға әзірмін. 

_________

Причины провала ЕНПФ и супер доходности Норвежского суверенного фонда.

На просторах соц.сетей довольно часто идут обсуждения и холивары относительно использования наших с вами пенсионных накоплений отданных ЕНПФ. Оставим в стороне политические решения и коррупцию при управлении нашими деньгами. Давайте посмотрим на это, чисто с точки зрения экономической науки.

Сделаем небольшой анализ-сравнение портфеля ЕНПФ на соответствие современной экономической науке и проведем параллели с Норвежским суверенным фондом о котором я писал в постах ранее.

Выполняет ли он свою функцию прописанную в своей же «Инвестиционной декларации» по сохранению стоимости денег и защите их от инфляции?

Согласно этому документу, стратегией ЕНПФ является -«получение реальной доходности в долгосрочной перспективе».

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/ead/eadc5fa84e98ae9f48d87e1aa521e699.pdf

 Выполняет ли фонд принятые на себя обязательства?

Начнем со сравнения структур портфелей двух фондов.

(структура портфеля ЕНПФ)

Источник: https://www.enpf.kz/ru/indicators/invest/structure.php  

По ссылке список бумаг в портфеле: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/38e/38ebe0caa880688b624195743aa0f1c6.pdf 

Как мы видим, около 3% портфеля ЕНПФ составляют долевые бумаги – акции.

Свыше 95% портфеля ЕНПФ составляют долговые бумаги – облигации казахстанских и иностранных эмитентов и депозиты БВУ.

Около 1% передано во внешнее управление.

(Структура портфеля Норвежского суверенного фонда)

Источник: https://www.nbim.no/en/the-fund/market-value/ 

По ссылке можно скачать список бумаг в портфеле: https://www.nbim.no/en/the-fund/holdings/holdings-as-at-31.12.2018/?fullsize=true

Около 70% портфеля Норвежского суверенного фонда составляют долевые бумаги – акции 9000 компаний по всему миру. Фонд отслеживает (бенчмарк) индекс FTSE Global All Cap.

Свыше 25% долговые бумаги иностранных эмитентов.

Около 5% в недвижимости.

Ежегодно доли активов в портфеле приводятся в изначальный баланс – 70% акций, 25% облигаций, 5% недвижимость.

Теперь давайте посмотрим исторические доходности разных классов активов за последние 100 с лишним лет.

 (Исторические доходности разных классов активов с 1900 – 2018 г.г. номинальная/реальная США)

Источник: https://www.credit-suisse.com/media/assets/corporate/docs/about-us/research/publications/csri-summary-edition-credit-suisse-global-investment-returns-yearbook-2019.pdf 

Акции +9,4%

Долгосрочные облигации +4,9%

Казначейские векселя +3,7%

Инфляция — 2,9%

Как мы видим, акции в долгосрочной перспективе значительно опережают все другие классы активов.

 Если посмотреть доходность акций по периодам:

То индекс S&P 500 за 1926 – 2017 г.г.

на 30 летних периодах ни разу не уходил в отрицательную зону, а доходность рынка колебалась от 8,5% до 13,7%.

В то же самое время, государственные облигации давали доходность max + 8,6%, min – 3.1%, а казначейские векселя, max + 2,9%, min – 3,0%

Источник: https://www.morningstar.com/

А как выглядела бы доходность ЕНПФ если бы портфель на 60% состоял из акций и на 40% из гос. облигаций? 

Источник: https://vanguard.com/ 

Доходность портфеля 60% акций и 40% облигаций на американском рынке после кризиса 2008 года, по 2016 год была бы +117%, т.е. 16,71% годовых. За 7 лет мы могли бы более чем удвоить все наши пенсионные активы. 

Доходность портфеля из 100% облигаций была бы +38% за тот же период

Доходность денежных инструментов 

+1% за тот же период.

Выводы: 

Портфель ЕНПФ полностью противоречит современной экономической науке. Портфель состоит в основном из долговых бумаг. Любой студент экономического факультета понимает, что на длинных дистанциях инвестирования кредитный риск долговых бумаг растет (облигации Азербайджанского банка – печальный пример), в то время как, рыночный риск долевых бумаг нивелируется. Так почему этого не понимают управленцы из Нацбанка, сформировавшие портфель, на более чем 95% из долговых бумаг?

То ли такие «специалисты», то ли команда сверху. Скорее команда сверху или нежелание управленцев принимать на себя ответственность.

Ведь акции волатильны в краткосрочном периоде и стабильны в долгосрочном, а этого нашим «горе» следователям не объяснишь. 

Каким образом управленцы из Нацбанка планируют обеспечить инвестиционную доходность вкладчиков имея в портфеле всего 3% акций? При такой структуре портфеля – задача невыполнимая в принципе.

И последнее, в 70-х годах ХХ века в США и других развитых странах проводилось исследование, целью которого было выявить факторы, наиболее сильно влияющие на доходность инвестиционных фондов. Так вот, наиболее сильным фактором влияющим на доходность фондов, оказались банальные расходы на управление. В Банке Норвегии (управляющим 1 триллионов долларов США Суверенного фонда Норвегии) трудятся всего 600 человек в 38 странах мира. Сколько народу трудятся в ЕНПФ, сколько и за что получают зарплату, точных данных мы не нашли.

К сожалению, в открытом доступе я не нашел информации и по нашему Нац.фонду. При предоставлении данных по Нацфонду РК я готов сделать анализ и портфеля Нац.фонда.