Әлем құзға түсіп кете жаздап аман қалды, бірақ одан әлі алыстай қойған жоқ. Біз әлі маңында тұрмыз|Мир прошел по краю пропасти, но не отошёл от нее. Мы всё ещё рядом

Бақытымызға орай, әлем қауымдастығы мен Америка халқы АҚШ-тың соғысқұмар президентін уақытында тоқтатты. Адамдар әсіресе тығырыққа тірелген кездерде, ақылға емес, сезімге ерік беретінін есте сақтау керек. Иран, аяғы не болатынына қарамастан, кез келген тәсілмен қарсы жауап бере алады. Бұл жағдайда, Иранның дереу қарсы жауабы АҚШ билігіне қысым көрсетіп жатқан әлем қауымдастығы мен Америка азаматтарына қатты әсер етті. Иранның кез келген зымыранына жақын аймақта тұрған Израильды ескерсек, Иран мен АҚШ арасындағы соғыстың соңы жақсылықпен бітпейтіні түсінікті. Сондықтан АҚШ-тағы еврей диаспорасының қысымы Трамптың осындай шешімге келгенiне үлкен үлес қосты деп ойлаймын. 

Дегенмен, Трамп бітімге келетінін білдіріп сөз сөйлегенімен, АҚШ азаматтарына қауіп-қатер төніп үлгерді және енді оның азаюы екіталай. Сондықтан мен алдыңғы постта жазғанымдай адам құқығы мен бостандығына қатысты мәселелер арнаулы қызметтерiнің пайдасына шешілiп қатаң тәртіптер енді күшейе түседі. 

Соғыс болмағанмен, бірақ мыналардың қолдары мақсаттарына жетті. 

— Бүкіл әлем бойынша арнайы қызметтің бюджеті артады, олардың құқықтары көбейеді, ықпалы күшейе түседі. 

— Әскери-өнәрсіптік кешен әртүрлі қару-жарақ түрлерін шығару үшін өте көп жаңа келісім-шарттарға отырады. 

— Әртүрлі қауіпсіздік жүйелерін өндірушілер байи түседі. 

— Мемлекеттер өз азаматтарын бақылауды одан әрмен күшейтеді. 

— Саясаткерлер өз халқының терроризмге, діни экстремизмге (әлемдегі ешбір дін соғысты үгіттемесе де) деген қорқынышын туғызып соны пайдаланып ойнайды. Әлем поляризацияланып, дос пен жау болып бөліне береді. Ал демократияны қауіпсіздікті күшейту сылтауымен әрi қарай шектей бередi.

Азаматтар ше? Ал азаматтар осының бәріне өз қалтасынан ақша төлейдi.

_____

К счастью, мировая общественность и американский народ вовремя остановили воинствующего президента США. Всегда надо помнить, что люди, особенно загнанные в угол, не рациональны, а эмоциональны. Поэтому, Иран мог ответить любыми средствами невзирая на цену и последствия своих действий. В данном случае, решительный ответный шаг Ирана возымел отрезвляющее действие на мировое сообщество и на граждан Америки, которые оказали давление на администрацию США. Ничем хорошим для мира не могла закончиться война между Ираном и США, учитывая, что Израиль находится в зоне прямой доступности любых Иранских ракет. Поэтому, давление еврейской диаспоры США однозначно имело не последнее значение в таком решении Трампа. 

Но, хоть Трамп и произнес примирительную речь, угрозы для граждан США уже появились и навряд ли скоро уменьшатся. Поэтому все закручивания гаек о которых я писал в предыдущем посте, в отношении прав и свобод граждан в пользу спец.служб уже не остановить.

Войны не будет, но цель достигнута.

 ⁃ Бюджеты спец. служб по всему миру набухнут, их права расширятся, влияние увеличится.

 ⁃ Военно-промышленный комплекс получит кучу новых контрактов на производство различных видов оружия.

 ⁃ Разбогатеют производители различных систем безопасности.

 ⁃ Государство увеличит контроль за своими гражданами.

 ⁃ Политики будут давить и играть на страхах своих народов перед терроризмом, религиозным экстремизмом (хотя ни одна религия в мире не проповедует войну). Мир продолжит поляризоваться и делиться на своих и чужих. Демократия будет зажиматься в угоду безопасности.

А граждане? А граждане готовьтесь оплачивать все это со своего кармана.